Жапонияда кит аулау қайта басталды

Фотография - Жапонияда кит аулау қайта басталды

Жапониялық кит аулаушы кемелер кит аулау үшін Антарктикаға аттанды

780 0

Жапониялық кит аулаушы кемелер кит аулау үшін Антарктикаға аттанды, деп хабарлады epochtimes.ru.

Экспедицияға «Нишин Маару» деп аталатын  су сыйымдылығы сегіз мың тоннаны құрайтын кеме мен үш шағын кит аулау кемесі аттанды, деп хабарлады  BBС.

Халықаралық қоғамдастықтың наразылығына байланысты жапониялық билік киттерді аулауға шектеу қоятын бағдарлама құрастырды. Үш ай ішінде команда 333 китті ауламақ.

Өткен жылдың наурыз айында БҰҰ халықаралық соты Жапонияны киттерді аулауды уақытша тоқтатуды міндеттеді. Алайда өткен аптада Жапонияның балық аулау агенттігі киттерді аулауға қайта кірісуге ниетті екенін жариялады. Дегенмен санына шектеу қойылмақ.  Жапониялық сарапшылардың пікірінше, жылына 333 китті аулау олардың таралымына әсер етпейді.


ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!