Мұсылман қызының орамалын шешуіне не себеп болды?

Фотография - Мұсылман қызының орамалын шешуіне не себеп болды?

Тоғыз ай бойы осылай жүргенімен, жүрегі тыныш таппайды. "Мен өзімді, тіпті өз үйімде қауіпсіз сезіне алмадым", – дейді ол.

1143 0

Канаданың Торонто қаласында тұратын Марьям Нусер есімді мұсылман қызы жастайынан шариғат талаптарын орындап, балиғат жасынан бастап басынан орамалын тастамайтын. Алайда, бірде метрода болған оқиғадан оның қатты қорыққаны сонша, біраз уақыт хиджабсыз жүруге ұйғарған.

Бұны көрген бейтаныс әйел бас салып балағаттап, тіпті бетіне түкіріп жіберген болатын. Жанын жаралаған жағымсыз жайт жайлы ешкімге тіс жармады. Алайда, қатты күйзелістен орамалын шешіп тастағанын айтады.

Тоғыз ай бойы осылай жүргенімен, жүрегі тыныш таппайды. "Мен өзімді, тіпті өз үйімде қауіпсіз сезіне алмадым", – дейді ол.

Ақыр соңында Райерсон университетінің үшінші курсында оқитын Марьям өз әрекетінің мағынасыз екенін түсініп, басына орамалын қайта байлаған. "Енді менің сенімім бұрынғыдан да күштірек, мен өзіме сенімді бола түстім. Бұдан бұлай өз құндылықтарым кез келген жағдайда қорғай алатынымды білемін". 


Тегтер:

хиджаб Канада

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!