ТҮРКСОЙ елдері 2016 жылды Жүсіп Баласағұн жылы деп жариялады

Фотография - ТҮРКСОЙ елдері 2016 жылды Жүсіп Баласағұн жылы деп жариялады

ТҮРКСОЙ тұрақты кеңесінің XXXIII отырысында түркі тілдес елдердің мәдениет министрлері кездесті.

851 0

Түрікмендік Мары қаласында 26-28 қараша аралығында 2015 жылы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымымен жарияланған "Мары - түркі әлемінің мәдени астанасы" жылының жабылуына орай салтанатты шаралар өтті, деп хабарлайды ТҮРКСОЙ ұйымының баспасөз қызметінен. ТҮРКСОЙ тұрақты кеңесінің XXXIII отырысында түркі тілдес елдердің мәдениет министрлері кездесті.
Әезрбайжанның мәдениет және туризм министрлігінің ұсынысынан соң Тұрақты кеңес әзербайжандық көне Шеки қаласын 2016 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде таңдады. Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат және туризм министрі Алтынбек Мақсұтов айтып өткендей, аталған елдің бастамасы бойынша 2016 жыл әлемге "Құтты білік" дастанын тарту еткен ұлы философ, ақын, энциклопедистің 1000 жылдығына орай Жүсіп Баласағұн жылы деп жарияланды.
Қабылданған шешімге сай Тұрақты кеңестің 34-ші отырысы Әзербайжанда өтеді. ТҮРКСОЙ-дың 34-ші уақытша үйлестірушісі болып Әзербайжанның мәдениет және туризм министрі Әбулфас Гараев сайланды. ТҮРКСОЙ штандартын Аннагелды Гараджаевтың қолынан Әзербайжан Республикасының мәдениет және туризм министрі Вагиф Әлиев қабылдап алды.
Отырыс соңында дәстүр бойынша бейнелеу өнері саласындағы ТҮРКСОЙ сыйлығын табыстау салтанаты өтті, оны Татарстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі Григорий Эйдинов иеленді.

2



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!