Калифорнияда лаңкестік салдарынан 14 адам ажал құшты

Фотография - Калифорнияда лаңкестік салдарынан 14 адам ажал құшты

Полиция үш күдікті бар екенін хабарлады.

167 0

Оңтүстік Калифорнияда әлеуметтік қызмет көрсету агенттігінде атыс болып, кем дегенде 14 адам қаза тапты. Полиция үш күдікті бар екенін хабарлады, деп жазады шетелдік БАҚ. 

-14 адам мерт болып, 14 адам жарақаттанды, деді Сан-Бернардино полициясының басшысы Джаррод Бургуан. Оның айтуынша, күдіктілер жол талғамайтын көлікпен бой тасалаған. 

Нақтырақ айтқанда оқиға мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ғимаратта болған. Белгісіз біреулер ондағы адамдарға оқ жаудырған. Сан-Бередино қаласы Лос-Анджелестен 100 шақырым жерде орналасқан.

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!