934

Францияда экстремизмді насихаттады деген күдікпен 3 мешіт жабылды

Франция билігі елдегі үш мешіттің есігіне қара құлып салды
Фотография - Францияда экстремизмді насихаттады деген күдікпен 3 мешіт жабылды
Франция билігі елдегі үш мешіттің есігіне қара құлып салды. Себебі, олар экстремистік бағытта насихат жүргізді деген күдік бар.

13 қарашадағы қайғылы оқиғадан кейін жүргізіліп жатқан ауқымды шаралар барысында Ланьи-Сюр-Марн қаласындағы бадат үйіне тінту жүргізіліп, 22 адамға Франциядан шығуға тыйым салынған. Оған қоса мешітке келушілердің бірінің үйінен тапанша табылып, ол қамауға алынды. Бұған дейін билік басындағылар Лион мен Женвилье қалаларындағы екі мешітті де жауып тастаған болатын.

24.kz