Үндістанға климаттық өзгеріске бейімделу үшін 1 трлн. доллар қажет

Фотография - Үндістанға климаттық өзгеріске бейімделу үшін 1 трлн. доллар қажет

Ғалымдардың айтуынша, 2016-2045 жылдар аралығында жылдық орташа ауа температурасы 1-1,5 градусқа көтеріледі.

514 0

Жаһандық жылынудың салдарынан зардап шегіп отырған Үндістанға жаңа климатқа бейімделу үшін 2030 жылға дейін кем дегенде 1 трлн. доллар қажет. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.
Аймақтағы ауа температурасының жылдық орташа көрсеткіштен 2 градусқа көтерілуі 800 млн. халыққа кері әсерін тигізіп отыр. Ғалымдардың айтуынша, 2016-2045 жылдар аралығында жылдық орташа ауа температурасы 1-1,5 градусқа көтеріледі. Бұл ауыл шаруашылығының өсіп-өнуіне де зиянын тигізеді.
Айта кетейік, 2013-2014 жыл аралығында климаттық өзгеріске бейімделу үшін Үндістанда 91,8 млрд. доллар жұмсалған. Болжамдар бойынша, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 360 млрд. долларға жетуі мүмкін.
Сонымен қатар, мамандар 1971-2007 жылдар аралығында жылдық орташа температура 0,2 градусқа жылығанын айтуда. Ал 100 жылда өңірде ауа температурасы 1,02 градус цельсийге көтерілді.
Жергілікті ғалымдарды алаңдатып отырған тағы бір мәселе, ХХІ ғасырда муссондық жауын-шашын 9-16 пайызға артып, салдарынан ауа температурасы тағы да 3,5-4,3 градусқа артады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!