Калифорнияның мұсылмандар қауымы атысты ислам дінімен байланыстырмауды өтінді

Фотография - Калифорнияның мұсылмандар қауымы атысты ислам дінімен байланыстырмауды өтінді

"Зорлық-зомбылық актісін қатаң айыптаймыз, адам өмірі құнсыз. Өтінеміз, бұл оқиғаны исламмен байланыстырмаңыздаршы

264 0

Калифорния штатындағы мусылмандар қауымының көшбасшысы Сан-Бернардино қаласында болған атысты ислам дінімен байланыстырмауды өтінді, деп хабарлайды Америкалық-исламдық қатынас жөніндегі кеңес (CAIR).

Атыс ақыл-есі адасқан жарымжандарға жәрдем көрсетумен айналысатын Inland аймақтық орталығында орын алған. Ғимараттан тұтқында болған 30 адам шығарылды. Жергілікті полиция өкілі мәлім еткендей, атыс-шабыс салдарынан кем дегенде 14 адам көз жұмып, 17 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Сонымен қатар тәртіп сақшысы күдіктілердің бірінің есімі Сайед Фарук екенін растады.

"Зорлық-зомбылық актісін қатаң айыптаймыз, адам өмірі құнсыз. Өтінеміз, бұл оқиғаны исламмен байланыстырмаңыздаршы, себебі болған оқиғаның біздің дініміге еш қатысы жоқ", - деді арнайы өткен баспасөз мәжілісінде Калифорниядағы CAIR консулы.

Бұған дейін New York Daily News газеті өзін "Фаруктің әкесімін" деп таныстырған азаматтың қысқа сұхбатын жариялаған болатын. Ол өзінің ұлы дінге сенетін таза мұсылман екенін айтып, болған оқиғадан еш хабары жоқ екенін жеткізіпті. 


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!