Испания мұсылмандарының саны 7,2 пайызға артты

Фотография - Испания мұсылмандарының саны 7,2 пайызға артты

2013-жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, былтырғы жылы Испаниядағы мұсылмандардың саны 126 мың жанға артқан.

678 0

Испаниядағы Ислам дінін ұстанатындардың саны 2014-жылы 1,85 млн-ды құраған көрінеді. 2013-жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, былтырғы жылы Испаниядағы мұсылмандардың саны 126 мың жанға артқан. Бұл мәліметтер Испания Ислам жамағаты Одағы дайындаған "Мұсылман халықтарын демографиялық зерттеу" құжатында келтірілген.

Елдегі Ислам дінін ұстанатындарды ұлты қарай екі үлкен топқа бөлуге болады: испандықтар және мароккалықтар.2014-жылғы деректер бойынша, испандық мұсылмандардың саны 26 пайызға артса, Ислам дінін ұстанатын өзге ұлт өкілдерінің үлес салмағы 2 пайызға кеміген.

Сарапшылар "испандық мұсылмандар" санының күрт өсуін испандықтардың Исламға деген қызығушылығымен емес, Испания азаматтығын алу жолдарын жеңілдеуімен байланыстырады. 


Тегтер:

Испания

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!