Тунистік жасөспірім лаңкестер қатарына 1 мыңға дейін мектеп оқушыларын тартқан

Фотография - Тунистік жасөспірім лаңкестер қатарына 1 мыңға дейін мектеп оқушыларын тартқан

Оны ұстау басқа бір осындай адамдар тартушыны қолға түсіргеннен кейін мүмкін болды, ол тұтқындалғаннан кейін айыбын мойындады.

380 0

Тунисте лаңкестік ұйым қатарына 1 мыңға тарта мектеп оқушыларын тартқан провинциялық мектептің оқушы қызы тұтқындалды. Бұл туралы бейсенбі күні тунистік ТАП ақпарат агенттігі хабарлады.
Олардың мәліметтері бойынша, 16 жастағы мектеп оқушысы әлеуметтік желілер және телефон арқылы "Ансар аш-шариа" ("Шариғат жақтастары") ультрарадикалық салафиттік топ қатарына адамдар тартумен айналысқан. Оны ұстау басқа бір осындай адамдар тартушыны қолға түсіргеннен кейін мүмкін болды, ол тұтқындалғаннан кейін айыбын мойындады.
Қазіргі кезде Тунистің бүкіл аумағында ауқымды лаңкестікке қарсы арнайы операция жүргізілуде. Сегіз күн ішінде республиканың ұлттық гвардиясы мен ІІМ күшімен лаңкестік топтар қызметіне қатыстылығына күдікті 1,3 мыңнан астам адам ұсталды, деп хабарлады ТАСС.
24 қарашада Тунис астанасында ішкі істер және туризм министрліктерінің маңында жарылыс болды. 13 адам мерт болып, 20-сы жарақат алды. Осы күні ел президенті 30 күн мерзімге төтенше жағдай және астанада түнде коменданттық сағат енгізілгенін жариялады. 25 қарашада Тунистің  ұлттық қауіпсіздік кеңесі 26 қарашадан бастап Ливиямен құрғақтағы шекараны 15 күнге жабуға шешім қабылдады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!