Әлемдегі ең алғашқы ұшқыш мұсылман екенін білесіз бе?

Фотография - Әлемдегі ең алғашқы ұшқыш мұсылман екенін білесіз бе?

Қыран қанаттарына ұқсастырылып жасалған ұшу аппаратының мүлтіксіз қызмет жасауы үшін Хезарфен 8-9 жыл уақытын сарп еткен.

1089 0

Әлемдегі ең алғашқы ұшу құрылғысы ХХ ғасырдың басында пайда бола бастаған ауа шарларынан да әлдеқайда бұрын жасалғанын бірі білсе, бірі білмес. Сондықтан Осман империясы заманында өмір сүрген стамбулдық Хезарфен Ахмет Челеби есімді мұсылман шеберінің құрастырмалы қанаттары арқылы Босфор бұғазын ұшып өткенін жайлы айтпақпыз.

Қыран қанаттарына ұқсастырылып жасалған ұшу аппаратының мүлтіксіз қызмет жасауы үшін Хезарфен 8-9 жыл уақытын сарп еткен. Сәтсіз аяқталған сандаған тәжірибелердің соңында ол биіктігі 55 метр болатын Галат сарайының төбесінен көк жүзіндегі саяхатын бастайды. Осылайша, екі құрлықты бөліп жатқан Босфор бұғазының үстінен ұшып өтеді.

Ол өзінің "қанаттарымен" 3,5 шақырым ұшып өтіп, аман-есен жерге қонған. Оның бұл самғауын сарайдан тамашалаған Мурад IV сұлтан оған алтын салынған қалта сыйға тартып, марапаттаған. Алайда, сарайдағылардың батыл жігітті көп жақтыра қоймағаны айтылады. Ақыр соңында, олар шебердің Стамбулдан кетуіне түрткі болады.

Алайда, Челебидің ұрпақтары атақты шебердің атын еш өшірмеген. Қазіргі кезде Стамбул шаһарының батыс бөлігінде оның құрметіне әуежай да салынған. Сондай-ақ, жанында орналасқан мешітке де Хезарфен Ахмет Челебидің есімі берілген. Ол жайлы "Менің қанатымның астындағы Стамбул" атты көркем фильм де түсірілген.

muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!