Роза Отынбаева қырғыз үкіметіне Қазақстаннан үлгі алуды ұсынды

Фотография - Роза Отынбаева қырғыз үкіметіне Қазақстаннан үлгі алуды ұсынды

Бұл туралы Роза Отынбаева Қырғызстан Республикасы мемлекеттік органдары қоғамдық кеңесінің жыл сайынғы конференциясында айтты.

312 0

Қырғызстанның экс-президенті Роза Отынбаева өз елінің үкіметіне Қазақстаннан үлгі алуды ұсынды, деп хабарлады КирТАГ.

"Біз батыс пен шығыстан тәжірибе алуды ойластырып отырмыз, ал көршіміз Қазақстан болса, өте қызықты түрде дамып келеді", - деді Роза Отынбаева Қырғызстан Республикасы мемлекеттік органдары қоғамдық кеңесінің  жыл сайынғы конференциясында.

"Қоғамдық кеңестер, министрліктердің қызметкерлеріне қарағанда сіздердің бос уақыттарыңыз көбірек. Сондықтан кеңес беріңіздер, көмектесіңіздер, оқыңыздар, зерттеңіздер.  Көрші мемлекетте қандай мемлекеттік қызмет ұсынып отырғанын байқаңыздар. Біздің қырғызстандықтар үшін неліктен осындай жағдай жасамасқа. Алматы қаласының сайтында әр азамат кез келген ақпаратты таба алады. Онда жас әкімнің өмірбаянынан бастап, нысандардың сызбасы, орналасқан жерінің кестесіне дейін және өзге де қызметтерді табуға болады", - деді экс-президент.

Р.Отынбаева қоғамдық кеңестердің міндеті - министрліктердің жұмысының контентін құру, жаңа жолға көшуіне көмектесу екенін атап өтті. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!