Үндістанда жойқын тасқыннан 269 адам қаза тапты

Фотография - Үндістанда жойқын тасқыннан 269 адам қаза тапты

Аймақта жауған нөсер жаңбырдың соңы селге ұласқандықтан осыншама адам қаза тапқан.

299 0

Үндістанның Тамилнад штатында жойқын тасқын болды. Одан 269 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz  хабарлады.

Үндістанның ішкі істер министрі Раджнатх Сингхтің айтуынша, аймақта жауған нөсер жаңбырдың соңы селге ұласты. Метереологтардың болжамы бойынша, жауын апта соңына дейін басылмайды.

Табиғат апатының кесірінен Ченнаи елді-мекені де зардап шекті. Аймақтың 60 пайызы жарықсыз қалса, 40 пайызы ұялы телефон байланысынан ажырап қалды. Сондай-ақ, төтенше жағдайға байланысты әуе рейстері мен темір жол қатынасы тоқтатылды. Жалпы алғанда 230 мыңнан астам тұрғын баспанасыз қалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!