АҚШ-та 250 мың долларға қалашық сатып алуға болады

Фотография - АҚШ-та 250 мың долларға қалашық сатып алуға болады

Жақында қалашық саудаға қойылды. Оның аумағы 250 мың долларға бағаланып отыр.

243 0

АҚШ-тың Оңтүстік Дакота штатының Суэтт қалашығы саудаға қойылды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Суэтт қаласында шағын дәмхана, бір қабатты үй, бірнеше қора-қопсы мен дөңгелек жөндеу орны бар. Сондай-ақ, мұнда артезиан құдығы тартылған. Ен даланың ортасында орналасқан қаланың аумағы бар-жоғы 0,02 шаршы шақырым. Қалашықтың  басқа елді мекендермен арасындағы жолы жақсы.  Барлық бағытқа тас жол төселген.

Қолда бар мәліметтерге қарағанда, Суэт қалашығында 1940 жылы 40 адам тұрыпты. Сол кезде ғана қалада ең көп адам тұрған. Одан кейін бірте-бірте халық азая бастаған. Ал қазір қалада 2 адам ғана тұрады.

Жергілікті жылжымайтын мүлік сату агенттігінің қызметкері Стэйси Монтгомеридің айтуынша, қалашықты сатып алуға АҚШ-тан ғана емес, Ресей, Қытай, Германия, Австралия елдерінен қызығушылық білдіріп жатқандар бар екен.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы жалғыз ғана тұрғыны бар Буфорд қаласы 900 мың АҚШ долларына сатылған.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!