Бағдад Анкарадан Иракқа енгізілген әскерін шығаруды талап етті

Фотография - Бағдад Анкарадан Иракқа енгізілген әскерін шығаруды талап етті

Ел Премьері Хайдер Абади Анкараның әрекетін Ирак егемендігіне қол сұғу деп бағалады

282 0

Ирак үкіметі Түркиядан ирактың Мосул қаласына жіберген әскерилерін дереу шығаруды талап етті, деп хабарлады ВВС агенттігі. 

Ел Премьері Хайдер Абади өз мәлімдемесінде Анкараның әрекетін Ирак егемендігіне қол сұғу деп бағалап, Түркияны тату көршілік қатынасқа құрметпен қарауға шақырды.

Бұдан бұрын түрік қолбасшылығы өткен жылы маусымда "ИМ" экстремистік топ содырлары басып алған Мосулға жақын маңдағы Башик елді мекеніне ондағы контингентті ауыстыру үшін 150 әскери қызметші жібергенін хабарлаған. Екі жыл бұрын түрік контингенті осы өңірге күрд жасақтарын әзірлеуге көмек көрсету үшін жіберілген.

Би-би-си тілшісі атап өткендей, Түркия Ирак күрдтерін қолдаса, сириялық қүрдтерді өзінің қарсыласы санайды.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!