Бүгін Әзербайжанда қаралы күн жарияланды

Фотография - Бүгін Әзербайжанда қаралы күн жарияланды

Әзербайжанда мұнай плафтормасындағы өртке байланысты қаралы күн жарияланды

181 0

Әзербайжан президенті Ильхам Алиев Каспий теңізіндегі "Гюнешли" платформасында орын алған өрт салдарынан қаза тапқандарды еске алу үшін қаралы күн жариялады, деп хабарлады "Trend" агенттігі "AzTV" телеарнасына сілтеме жасап. 

Жұма күні Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының "Гюнешли" теңіз мұнай өңдеуші платформасында Каспий теңізінде орын алған дауыл салдарынан газ құбыры қирап, өрт шыққан. Соңғы дерек бойынша, бір адам қаза тауып, 30 адам хабар-ошарсыз кетті, 32 адам құтқарылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!