Колумбияда 300 жыл бұрын суға батқан кеме табылды

Фотография - Колумбияда 300 жыл бұрын суға батқан кеме табылды

1708 жылы 8 шілде күні Картахен қаласының маңындағы Кариб теңізінде апат болып, суға батып кеткен.

255 0

Колумбия жағалауында осыдан 300 жыл бұрын суға батып кеткен Испания елінің кемесі табылды. Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Испандарға тиесілі "Сан-Хосе" кемесі асыл тастарға толы сандықтар мен алтын-күміс тиындар тасымалдаған деген болжам жасалуда. Таңғажайып оқиға жөнінде алғаш болып Колумбияның президенті Хуан Мануэль Сантос "twitter" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады: "Керемет жаңалық! Біз "Сан-Хосе" галеонын таптық".

Естеріңізге сала кетейік, "Сан-Хосе" кемесі 1708 жылы 8 шілде күні Картахен қаласының маңындағы Кариб теңізінде апат болып, суға батып кеткен. Деректер бойынша, галеон Испанияның королі Филипп V флотына тиесілі болған.



Тегтер:

Колумбия кеме

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!