Пан Ги Мун: Дамыған елдер климаттың өзгеруі үшін жауапты болуы тиіс

Фотография - Пан Ги Мун: Дамыған елдер климаттың өзгеруі үшін жауапты болуы тиіс

Жаһандық жылыну әлемнің ең кедей елдеріне бірінші кезекте кері әсер етеді.

341 0

Жаһандық жылыну әлемнің ең кедей елдеріне бірінші кезекте кері әсер етеді. Cол себепті дамыған елдер ғаламшардағы климаттың өзгеруі үшін жауапкершілікті мойындарына алуы тиіс. Бұл туралы Парижде өтіп жатқан климат жөнінен саммитте БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мәлімдеді.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун: "2100 жылдары Жер планетасының тағдыры көбіне тап қазір қабылдаған шешімдерге байланысты болады. Қазір қуатты өндірудің баламалы көздеріне қанша инвестиция салсақ, болашақта табиғаттан сонша көлемде қайтарым болады деп күтуіміз керек. Ал егер бұл жасаған әрекеттер жеткіліксіз болса, адамзат баласы зор апатқа тап келеді. Ғаламшардағы 7 млрд адамның өмірі осы конференцияның ақырғы шешіміне байланысты. Дамыған елдер осыған дейінгі уәде бойынша, 2020 жылға қарай баламалы энергия көздерін қаржыландыруды 100 млрд долларға жеткізіп, климаттың өзгеруі үшін жауапкершілікті өз мойындарына жүктеуі тиіс".

Франция ұсынған инвестициялар жобасында сол 100 млрд доллар туралы қағаз жүзінде айтылса да, бұл қаржыны Африка, Азия және Латын Америкасы елдеріне бөлу немесе бөлмеу туралы дамыған елдер ерікті түрде шешеді екен, деп хабарлайды ТАСС.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!