Мұсылмандардың АҚШ-қа кіруіне тыйым салу ұсынылды

Фотография - Мұсылмандардың АҚШ-қа кіруіне тыйым салу ұсынылды

Бұл туралы АҚШ президенттігіне үміткердің баспасөз мәлімдемесінде айтылған

322 0

Америкалық бизнесмен әрі саясаткер-республикашыл Дональд Трамп АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне "жалпықоғамдық және толық тыйым салу" ұсынысын жасады. Бұл туралы АҚШ президенттігіне үміткердің баспасөз мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Reuters.

Саясаткердің мәлімдемесінде айтылғандай, «жүргізілген сауалнама ислам дінін ұстанушылардың америкалықтарға деген жеккөрініш сезімін көрсетті». Мұндай көзқарастың неден туындағаны түсініксіз, дегенмен, бұл лаңкестік шабуылдардың өршу қаупін төндіруде, деп санайды Трамп.

"Біз, әзірге, бұл проблеманы және оның төндіріп отырған қаупін анықтай немесе түсіне алмай отырған шақта еліміз тек жихадқа сеніп, адам өмірінің мәні мен маңызын бағаламайтын адамдардың құрбанына айналмауы тиіс", - деді АҚШ президенттігіне үміткер.

Оның айтуынша, тыйымды лаңкестіктің алдын алу мақсатында Конгресс деңгейінде арнайы заңмен салу керек. Сондай-ақ Трамп «америкалықтарға қатысты бұл жеккөрініш сезімнің қайдан және не себепті шығып отырғанын анықтау маңызды» екенін атап өтті.

Трамп лаңкестік әрекет пен діни көзқарастың байланысы барын бұған дейін де бірнеше рет атап өткен болатын. Мәселен, қараша айында Парижде болған лаңкестік шабуылдарға қарсы шара ретінде елдегі барлық мешіттерді жауап тастауды ұсынғаны есімізде.

Қоғамдың пікірге жасалған сауалнама нәтижелері АҚШ президенттігіне үміткерлер арасында демократиялық партия өкілі ретінде елдің бұрынғы мемхатшысы Хиллари Клинтон мен республикашыл миллиардер Дональд Трамп алда келе жатқанын көрсетті. 


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!