Қырғызстанда жер сілкінісі салдарынан әлеуметтік нысандар зақымданды

Фотография - Қырғызстанда жер сілкінісі салдарынан әлеуметтік нысандар зақымданды

Чон-Алай ауылдық округінде үш балабақша, екі мектептің қабырғалары жарылды.

178 0

Ош, Нарын облыстарында кеше орын алған жер сілкінісі салдарынан  үйлер мен әлеуметтік нысандар зақымданды,  деп хабарлады КирТАГ.

Чон-Алай ауылдық округінде үш балабақша, екі мектептің қабырғалары жарылды. Қара-Мық ауылында аурухана ғимараты мен Шибэ ауылының мектебінде  жарықтар пайда болды. Қара-Қабақ ауылындағы мектепте, Қашқа-Суу  ауылдық басқармасы ғимаратында  жарықтар байқалады.

Нарын облысы Ыраакы Мин-Куш ауылында 32 тұрғын үй тексерілді. Алдын ала деректерге сәйкес, 13 үйге 1 дәрежелі зақым келгені белгілі болды. Комиссия үйлер мен әлеуметтік нысандарды тексеруді  жалғастыруда.   

Еске салсақ, 7 желтоқсанда Қырғызстанда 12 балл шкаласы бойынша 8 балл  жер сілкінісі тіркелді. Кіндігі Тәжікстан аумағында орналасқан. 6,5 балл жер сілкінісі 14:30-да тіркелді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!