Ким Чен Ын сутекті бомбамен жұртты тағы дүрліктірді

Фотография - Ким Чен Ын сутекті бомбамен жұртты тағы дүрліктірді

Желтоқсан айының алғашқы аптасында-ақ Солтүстік Корея ядролық сынақтар жүргізу үшін жаңа туннель қазып жатқаны хабарланды

584 0

КХДР-дің өз сутекті бомбасы болуы мүмкін. Мұндай қауесетті ел көшбасшысы Ким Чен Ынның өзі таратты, деп жазды Baq.kz.

"Біз ядролық және сутекті бомбалардың қуатымен еліміздің тәуелсіздігі мен ұлттық ар-намысын сақтауға қауқарлы ұлы ядролық державаға айналдық", - деген Ким Чен Ынның сөздерін мысалға келтірді Солтүстік Кореяның Орталық ақпараттық агенттігі. 
Алайда Солтүстік Кореяның шын мәнінде мұндай қаруға ие екені әлі күнге ресми түрде дәлелденген жоқ. 
Тек КХДР аумағында бірқатар ядролық сынақтар жүргізілгені мәлім. Олар 2006, 2009 және 2013 жылдары жүзеге асты. 
Желтоқсан айының алғашқы аптасында-ақ Солтүстік Корея ядролық сынақтар жүргізу үшін жаңа туннель қазып жатқаны хабарланды. Ол елдің солтүстік-шығыс бөлігінде арнайы бөлінген аймақта бұған дейін сынақ жүргізілген үш туннельдің қасында орналасқан.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!