Нобель сыйлығының лауреаттары марапатталды

Фотография - Нобель сыйлығының лауреаттары марапатталды

Бұл салтанатты тамашалауға Стокгольм филармониясына 1,5 мың қонақ жиылған

402 0

Швецияда Нобель сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл салтанатты тамашалауға Стокгольм филармониясына 1,5 мың қонақ жиылған. Дәстүр бойынша алтын медальдер мен дипломдарды швед королі тапсырды. Оның қолынан өз сыйлықтарын медицина, физика, химия, әдебиет және экономика салаларындағы Нобель сыйлығының 10 лауреаты алды. Биыл әр номинация бойынша қаржылай жүлде көлемі 953 мың АҚШ долларына тең. Жалпы, салтанатты рәсімге шамамен 2 млн доллар жұмсалған. Ал одан ертерек Норвегия астанасы Ослода бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы тапсырылды. Биыл оны Тунистегі плюралистік демократияны құруға қосқан үлесі үшін Тунистің ұлттық диалог квартеті иемденген. Айта кеткен жөн, Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері тапсырылып келеді. Осы уақыт ішінде беделді жүлде 870 адамға және 23 ұйымға берілді, деп жазды 24.kz.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!