Камерунда 13 жасар жанкешті қыз өзін-өзі жарып жіберді

Фотография - Камерунда 13 жасар жанкешті қыз өзін-өзі жарып жіберді

Камерунда 13 жастағы жанкешті қыз өзін-өзі жарып жіберіп, 11 адамды мерт қылды.

243 0

Камерунда 13 жастағы жанкешті қыз өзін-өзі жарып жіберіп, 11 адамды мерт қылды.

ұдан бөлек тағы бірнеше кісі түрлі деңгейде жарақат алған. Оқиға Камерунның солтүстігіндегі Нигериямен шекаралас Колофота қаласында болды. Дереккөздердің хабарлауынша, жанкешті қыз денесіне қойылған жарылғышты үй ішіне кіріп, іске қосқан. Сол жерде оның өзімен қоса 6 адам қаза тауып, ауыр жараланған бесеуі ауруханада көз жұмды. Жасалған шабуылды әлі ешқандай лаңкестік ұйым мойындаған жоқ. Алайда ақпарат көздері қастандықты Нигерияның солтүстік-шығысында әрекет ететін "Боко-Харам" лаңкестік тобы жасады деп отыр.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!