Италияда ер адам Берлусконидің вилласының алдында өз-өзін өртемекке әрекеттенді

Фотография - Италияда ер адам Берлусконидің вилласының алдында өз-өзін өртемекке әрекеттенді

novostink.ru

Дәрігерлер жеңіл күйіктер шалған ер адамды ауруханаға жеткізді.

178 0

Италияның солтүстігіндегі Аркоре қаласында ер адам Сильвио Берлусконидің вилласы қақпасының алдында өз-өзін өртеу әрекетін жасаған, деп ақпараттандырады LifeNews.
Италия азаматы өзінің үстіне тез жанатын сұйықтық құйып, от тұтатып жіберген.
Ер адамның өмірін көшедегі полицейлер құтқарып қалды. Олар жалынды сөндіріп, жедел жәрдем қызметін шақырды.
Дәрігерлер жеңіл күйіктер шалған ер адамды ауруханаға жеткізді. Ол өз әрекетін түсіндірген жоқ. Вилланың иесі - "Алға, Италия" оппозияциялық партиясын басқарып отырған 79 жастағы саясаткер де еш түсініктеме бермей отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!