Түркияда полициямен қақтығыстан 2 ереуілші қаза тапты

Фотография - Түркияда полициямен қақтығыстан 2 ереуілші қаза тапты

Түркияның Диярбақыр қаласында наразы топ полициямен қақтығысып, 2 ереуілші қаза тапты

266 0

Түркияның Диярбақыр қаласында наразы топ полициямен қақтығысып, 2 ереуілші қаза тапты. Тағы 2-еуі жарақат алған. 21 және 25 жастағы 2 жігіт Сур кварталына өтер кезде оққа ұшқан. Бұл ауданда коменданттық сағат енгізілген болатын. Қатаң тәртіп белгілі күрд адвокаты Тахир Эльчидің өлімінен кейін жарияланған. Ол тікелей эфир арқылы «Күрдістанның жұмысшы партиясы» лаңкестік ұйым емес деп мәлімдеп, бүкіл елге аты шыққан еді. Атақты заңгерді өлтірген қылмыскер әлі күнге дейін ұсталған жоқ. Жергілікті билік кез келген шеруді өткізуге тыйым салды. Осы жолғы наразылық шарасына небары 5 адам ғана қатысқан, деп хабарлады 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!