Эр-Рияд антитеррорлық ислам коалициясы құрылғанын мәлімдеді

Фотография - Эр-Рияд антитеррорлық ислам коалициясы құрылғанын мәлімдеді

34 мемлекет біріккен, олардың қатарында Түркия, БАӘ, Бахрейн, Катар, Иордания, Ливан, Египет, Тунис және Марокко бар.

192 0

Сауд Арабиясы лаңкестікке қарсы ислам коалициясы құрылғанын мәлім етті. Оның аясында 34 мемлекет бірігіп отыр, олардың қатарында Түркия, БАӘ, Бахрейн, Катар, Иордания, Ливан, Египет, Тунис және Марокко бар.

ВВС агенттігінің ақпаратына сәйкес, Сауд Арабиясының қорғаныс министрі Сальман Әл-Сауд коалиция өзге мемлекеттермен және халықаралық институттармен бірлесе отырып, Ирак және Сириядағы іс-әректетерін үйлестіріп отыратынын атап өтті. Сондай-ақ, оның айтуынша, коалицияның қызметі "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы күреспен шектелмейді, қоалиция құрамындағы мемлекеттердің халқына қауіп төндірген "кез келген лаңкестік ұйымға" қарсы тойтарыс беретін болады. 
Министр нақтылап өткендей, коалиция Ирак, Сирия, Ливан, Египет пен Ауғанстандағы лаңкестерге қарсы күрес жүргізеді.  

"Ислам мемлекеті" - Қазақстан аумағында қызметіне тыйым салынған террористік ұйым. 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!