Үндістанда автобус өзенге құлап, 15 адам қаза тапты

Фотография - Үндістанда автобус өзенге құлап, 15 адам қаза тапты

Жеке тасымалдаушыға тиесілі автобус Хошангабад округіне Индор-Парасия бағыты бойынша келе жатқан

139 0

Орталық Үндістанда сейсенбіде, Мадхья-Прадеш штатында өзен арқылы өткелден өтіп келе жатқан жолаушылар автобусы құлап, 15 адам қаза тапты, 25 адам жарақат алды. 

Бұл туралы ТАСС штат полициясына сілтеме жасап хабарлады.

Жеке тасымалдаушыға тиесілі автобус Хошангабад округіне Индор-Парасия бағыты бойынша келе жатқан. Құқық қорғау органдарында болжанғандай, жүргізуші жүргізіп келе жатып, қалғып кеткен. Апат орнына құтқарушылар келді, іздеу жұмыстары жүргізілуде. Құрбандар саны артуы мүмкін екені жоққа шығарылмай отыр.

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!