Филиппинде "Мелор" тайфунынан үш адам қаза тапты

Фотография - Филиппинде "Мелор" тайфунынан үш адам қаза тапты

Филиппинде "Мелор" тайфуны жүріп өтті

90 0

Филиппинде "Мелор" тайфунының соғу салдарынан үш адам қаза тапты.

Олардың біреуі үсіктен көз жұмса, қалған екеуі суға батып жан тапсырған. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, 1 миллион 200 мың адам тұратын Албай провинциясы жарықсыз қалды. Филиппин үкіметі кеше шығыс жағалауында қауіптің ең жоғары деңгейін жариялап, 700 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз жаққа көшірген болатын. Айта кетейік, бұл елде жыл сайын маусым айынан бастап желтоқсанға дейін 20-ға жуық дауыл тұрады. Ұйытқи соққан желден 2 жыл бұрын 8 мыңнан астам адамның біразы көз жұмып, қалғаны із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. 4 миллион тұрғын баспанасыз қалды.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!