Опера әншісі Монсеррат Кабалье 6 айға сотталды

Фотография - Опера әншісі Монсеррат Кабалье 6 айға сотталды

Тергеу мәліметтері бойынша, атақты әртіс шетелде концерт беру туралы келісімшарттардың барлығын Андоррадағы компания арқылы жасап отырыпты

164 0

Барселона соты Монсеррат Кабальені жарты жылға бас бостандығынан айырды. Испандық 82 жастағы опера әншісі бұл жазаға алаяқтық әрекеттері үшін кесілген. Сондай-ақ сот оны 255 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Тергеу мәліметтері бойынша, атақты әртіс шетелде концерт беру туралы келісімшарттардың барлығын Андоррадағы компания арқылы жасап отырыпты. Алайда ол кезде жезтаңдай әнші Барселонада тұрып жатса керек. Осылайша, Монсеррат Кабалье мемлекеттік қазынаға 500 мың еуро салық төлеуден жалтарған көрінеді. Орындаушы бар кінәні толықтай мойындаған. Десе де прокуратурамен жүргізілген келісімдердің арқасында егде жастағы әртістің түрмеге отырмауы да мүмкін, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!