Нидерландылықтар босқындарға арналған орталықтың салынуына қарсы шықты

Фотография - Нидерландылықтар босқындарға арналған орталықтың салынуына қарсы шықты

Наразылық акциясына 2 мың адам қатысқан. Ал қалада небары 27 мың тұрғын бар.

226 0

Нидерланды полициясы Гелдермалсен қаласында 1,5 мың босқынға арналған орталықтың салынуына қарсылық білдіргендерді күшпен таратты, деп хабарлады Би-би-си.

Орталықты салу жөніндегі келіссөздер қалалық кеңес ғимаратында өтіп жатқан, алайда бұл шешімге наразы топ ұйымдастырған акцияға қатысушылар ғимаратқа басып кірмек болғандықтан, жиынды жалғастыру мүмкін болмады.

Шараға қатысқан бірнеше белсенді қолға түскен, жапа шеккендер мен жарақат алғандар туралы хабар жоқ.

Наразылық акциясына 2 мың адам қатысқан. Ал қалада небары 27 мың тұрғын бар.

Айта кетейік, биыл Нидерландыға Сирия, Ирак және Африка мен Таяу Шығыс елдерінен бірнеше ондаған мың босқын келген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!