Ирландиялық бикеш өзінен аумайтын сыңарын Швециядан тапты

Фотография - Ирландиялық бикеш өзінен аумайтын сыңарын Швециядан тапты

21 жастағы Лонерган мен кәмелетке тола қоймаған Нордстрём табиғаттың мұндай құпия жұмбағына таң-тамаша қалысты.

294 0

Ирландия тұрғыны Шэннон Лонерган таяуда басынан қызық оқиғаны өткерді. TwinStrangers.com арнайы сайтынан түрі өзіне қатты ұқсас Сара Нордстрёмді көріп қалған бикеш, оны Швециядан Дублинге шақырды, деп хабарлайды Daily Mirror.

Ал олар жолыққан кезде, тіпті екеуінің бір анадан туғандай ұқсас екендігі анықталды. Сөйтіп, 21 жастағы Лонерган мен кәмелетке тола қоймаған Нордстрём табиғаттың мұндай құпия жұмбағына таң-тамаша қалысты. Шэннонның айтуынша, олардың мұрындары, еріндері мен көздерінің қаншалықты ұқсас екендігін сипаттап айтуға сөзі жетпейді, деп жазады 24.kz.

"Сара екеуіміздің, тіпті көзқарасымыз бен жүріс-тұрысымызға дейін бірдей", - дейді ол. Тек олардың мінез-қылықтарында аздап айырмашылықтың бары анықталыпты.

 


Тегтер:

егіз Еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!