Түтінге тұмшаланған Бейжің: Қытай билігі дабыл қағып отыр

Фотография - Түтінге тұмшаланған Бейжің: Қытай билігі дабыл қағып отыр

14 желтоқсан күні Қытай астанасын қою түтін қаптады.

244 0

Бейжіңде 18 желтоқсан күні соңғы үш тәулік ішінде ауаның күрт ластануына байланысты ең жоғарғы дәрежелі ескерту жарияланды, деп хабарлайды Gazeta.ru сілтеме жасап bnews.kz.
Қытайда алғаш рет жоғары дәрежелі дабыл 2015 жылғы желтоқсан айының басында жарияланып, бірнеше күнге созылған еді. Сондай кең көлемді дабыл Қытайда осымен екінші мәрте жарияланып отыр.
Метеорологтар қызметінің мәлімдеуінше, қазір Бейжіңде автокөлік жүргізуге қатаң тыйым салынды. Жағдай ушыға берсе мектептерде сабақ өткізілмейді.
Естеріңізге сала кетсек, 14 желтоқсан күні Қытай астанасын қою түтін қаптады.
Бейжіңдегі экологиялық мониторинг орталығының хабарлауынша, қалада ауа құрамындағы зиянды микробөлшектер саны әлем стандарттарына сәйкес нормадан 20 есе асып кеткен.
Қала үстінен төнген қою түтіннің салдарынан жол қозғалысында қолайсыздық туындады. Зиянды бөлшектердің басты қайнар көздері – автокөліктердің түтіні мен көмір жылу электростанциясынан шығатын түтін. Ауа арқылы зиянды микробөлшектер адам ағзасына түсіп, жинала береді. Салдарынан жүрек-қан тамырлары аурулары пайда болады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!