Қытайда шахтағы өрттен 19 адам қаза тапты

Фотография - Қытайда шахтағы өрттен 19 адам қаза тапты

Құтқару операциясының жетекшілігі шахтаны бекітіп, өртті сөндіру үшін ішіндегі инертті газды сорып алуға шешім қабылдады

217 0

Қытайдың Хэган қалалық округінің Сянъян ауданындағы кеніште жарылыс болып, 19 кенші қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды. 2 тәулік бойы кеншілерді іздеген құтқарушылардың айтуынша, жердің астында қалғандардың аса жоғары ауа температурасы мен газдың көп мөлшерде тарауынан тірі қалулары екіталай. Құтқару операциясының жетекшілігі шахтаны бекітіп, өртті сөндіру үшін ішіндегі инертті газды сорып алуға шешім қабылдады. Айта кетейік, жарылыс сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 14:30-да болған. Белгілі болғандай, бұл кезде жер астында 52 адам жұмыс істеген, оның 33-і сыртқа шығып үлгерген, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!