Грекияда мигранттарды қолдау шарасы өтті

Фотография - Грекияда мигранттарды қолдау шарасы өтті

Грекия астанасында мыңдаған адам наразылық шарасын ұйымдастырды.

204 0

Грекия астанасында мыңдаған адам наразылық шарасын ұйымдастырды.

Жиылған жұрт Еуропа елдерін Африка мен Таяу Шығыстан келген мигранттарды қабылдауға шақырып отыр. Ереуілге босқындар да қосылды. Көрші мемлекеттер шекарасын жапқаннан кейін олар еріксіз Эллада елінде қалуға мәжбүр. Айта кеткен жөн, өткен айда Македония мен бірқатар Балқан елі Сирия, Ирак пен Ауғанстаннан келген азаматтарды ғана қабылдауға әзір екенін жеткізген болатын. Қалғандарын экономикалық мигрант ретінде қарастырып, елге кіргізбеу жөнінде шешім қабылданған. Осы уақыттан бері Еуропаға жете алмай әлек болған босқындардың ереуілі тыйылмай келеді.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!