Пекинде қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланды

Фотография - Пекинде қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланды

Бейжің билігі шаһарды тұмшалап тұрған қою түтінге байланысты тағы да қауіптіліктің ең жоғары деңгейін жария етті.

192 0

Бейжің билігі шаһарды тұмшалап тұрған қою түтінге байланысты тағы да қауіптіліктің ең жоғары деңгейін жария етті.

Осыған байланысты көлік жүрісіне шектеу қойылмақ. Құрылыс жұмыстары мен фабрикалардың да жұмысы тоқтатылатын түрі бар. Қазіргі уақытта ауадағы зиянды заттардың мөлшері қалыпты көрсеткіштен 20 есеге дейін асып кетуі мүмкін деген қауіп бар. Естеріңізде болса, қауіптіліктің қызыл деңгейі бұған дейін Бейжіңде желтоқсанның басында жарияланған еді. Шаһардағы экологиялық жағдайдың нашарлауына көмір жағатын кәсіпорындар мен құрылыс жұмыстары кезінде бөлінетін шаң-тозаң себеп болған.

24.kz

Тегтер:

Бейжің түтін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!