Обама мұнайды АҚШ-тан экспорттауға салынған 40 жылдық тыйымды алып тастады

Фотография - Обама мұнайды АҚШ-тан экспорттауға салынған 40 жылдық тыйымды алып тастады

Бұған дейін бюджет жобасын АҚШ Конгресі мақұлдаған болатын.

306 0

АҚШ Президенті Баркк Обама жұма, 18 желтоқсан күні бюджет жобасына қол қойды. 1,1 трлн. көлеміндегі бюджет АҚШ-тан шикі мұнайдың экспортталуына салынған 40 жылдық тыйымның орнына мемлекеттік аппараттың  қаржыландырылуын сақтауға жұмсалмақ.

Бұған дейін бюджет жобасын АҚШ Конгресі мақұлдаған болатын.

Мұнай эмбаргосын алып тастауда республикандықтар табандылық көрсетті.  Олардың Демократиялық партия өкілдерімен аталған мәселе бойынша келіспеушіліктері бюджеттік шығындар жобасының қабылдануын кешіктірді. АҚШ Президенті Барак Обама эмбаргоны алып тастауға қарсы шықты. Демократтар энергияның экологиялық жаңартылып отырған көздерімен жұмыс істейтін компанияларды қолдау қажеттілігі туралы айтып отыр, деп жазады РБК.

Reuters агенттігінің бұған дейін хабарлауынша, Барак Обама мұнайды экспорттауға тыйым салуға қарсы еді. Алайда қабылданған заң жобасында президент үшін осыған ұқсас тыйымды бір жылдық мерзімге қайта енгізу мүмкіндігі қарастырылған. Бірақ бұл екі жағдайда ғана - елде төтенше жағдайдың енгізілуі немесе отынның тапшылығы мен бензиннің өсіп жатқан бағаларының АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отырған болса ғана іске асырылуы мүмкін.


ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!