Қытайда көлік жүрісіне шектеу қойылмақ

Фотография - Қытайда көлік жүрісіне шектеу қойылмақ

Құрылыс жұмыстары мен фабрикалардың да жұмысы тоқтатылатын түрі бар.

105 0

Бейжің билігі шаһарды тұмшалап тұрған қою түтінге байланысты тағы да қауіптіліктің ең жоғарғы деңгейін жария етті. Осыған байланысты көлік жүрісіне шектеу қойылмақ.

Құрылыс жұмыстары мен фабрикалардың да жұмысы тоқтатылатын түрі бар. Қазіргі уақытта ауадағы зиянды заттардың мөлшері қалыпты көрсеткіштен 20 есеге дейін асып кетуі мүмкін деген қауіп бар.  Естеріңізде болса, қауіптіліктің қызыл деңгейі бұған дейін Бейжіңде желтоқсанның басында жарияланған еді.  Шаһардағы экологиялық жағдайдың нашарлауына көмір жағатын кәсіпорындар мен құрылыс жұмыстары кезінде бөлінетін шаң-тозаң себеп болған, деп жазады khabar.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!