Индонезия жағалауында суға батқан паромның 20-дан астам жолаушысы құтқарылды

Фотография - Индонезия жағалауында суға батқан паромның 20-дан астам жолаушысы құтқарылды

Кеменің бортында 94 ересек пен 14 бала болған.

157 0

Индонезияда жоғалып кеткен жолаушылар паромының 20-дан астам жолаушысы Сулавеси аралының жанында ашық теңізде анықталды. Бұл туралы жексенбіде жергілікті билік хабарлады.

"Құтқару жилеттерін киіп алған 21 адам табылды. Олар теңізде. Біз оларды қауіпсіз жерге шығарамыз", - деп атап өтті іздеу-құтқару операциясының басшысы Роки Азикин. Оның айтуынша, кеме аударылу салдарынан батуы мүмкін. Ол сондай-ақ паромның кем дегенде екі жолаушысы қаза тапқанын хабарлады, олардың мүрделері табылды.

Бұған дейін индонезиялық балықшылар жоғалған паромның төрт жолаушысын анықтап, қауіпсіз жерге шығарды, олардың арасында бір бала болған. Олар балық аулау буйларын ұстап су бетінде қалқып жүрді.

Бортында 100-ден астам адам болған пароммен байланыс 19 желтоқсанда, кеме Сулавеси аралынан 20 шақырым жерде болған кезде үзілген. Оңтүстік Сулавеси провинциясы полициясының комиссары Франс Бурангтың хабарлауынша, құтқару операциясына теңіздің қатты толқыны кедергі келтіруде. Кеменің бортында 94 ересек пен 14 бала болған, деп жазады ТАСС.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!