Түркияда жол үстінде селфи жасамақ болған екі жігіт қаза болды

Фотография - Түркияда жол үстінде селфи жасамақ болған екі жігіт қаза болды

Оқиға кеше сағат 21:00 шамасында Антальяның әуежайға апаратын жолдың үстінде болған

223 0

Түркияда жол апатынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sozcu.com.

Оқиға кеше сағат 21:00 шамасында Антальяның әуежайға апаратын жолдың үстінде болған. Антальяға Аланиядан демалуға келген 5 жігіт қайтар жолда асфальт үстінде жатып, селфиге түспек болған. Жолда өтіп бара жатқан жүк көлігі жігіттерді көрмей, екеуін басып кеткен. Қалған үшеуі ажал аузынан әзер құтылған. Қайтыс болған жігіттердің бірі 17-де, екіншісінің жасы 19-да. Жүк көлігін басқарған 27 жастағы жүргізуші тез арада жедел жәрдем мен полицияға хабар берген. Екі жігіттің жансыз денелері Акдениз университеті Медицина факультетінің ауруханасына тиесілі мәйітханаға жеткізілді. Қазір қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!