Индонезияда суға кеткен кемедегі 108 жолаушының 21-і құтқарылды

Фотография - Индонезияда суға кеткен кемедегі 108 жолаушының 21-і құтқарылды

Құтқару жұмыстарын жүргізуге мамандарға теңіздегі қатты толқын кедергісін келтіруде

194 0

Индонезиядағы Сулавеси аралынан 20 шақырым жерде суға кеткен кемедегі 100-ден астам жолаушының 20-сы құтқарылды. Оның бортында 94 ересек және 14 бала болған еді деп жазады ТАСС ақпараттық агенттігі. 

Құтқару жұмыстарын жүргізуге мамандарға теңіздегі қатты толқын кедергісін келтіруде.

"Әзірге құтқару жилеттерін киген 21 адам теңізден табылды. Біз оларды қауіпсіз жерге орналастырамыз", - деді іздеу-құтқару операциясының басшысы Роки Азикин.Оның айтуынша, Колака кемежайынан Оңтүстік Сулавеси провинциясына бет алған «Нью-Марина" кемесінің экипажымен байланыс жоғалған. Кейін белгілі болғандай, ол Сулавеси аралынан 20 шақырым қашықтықта аударылып, суға кеткен.

Бұған дейін, индонезиялық балықшылар 4 жолаушыны тауып алып, қауіпсіз жерге орналастырған еді, деп жазды Baq.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!