Үндістанда сиырмен селфиге түсуден жарысөтті

Фотография - Үндістанда сиырмен селфиге түсуден жарысөтті

Үндістанда өткен ерекше сайыстың қатысушылары сиырмен түскен селфилерін желіде жариялады.

322 0

Үндістанда өткен ерекше сайыстың қатысушылары сиырмен түскен селфилерін желіде жариялады.

Mashable басылымының хабарлауынша, конкурсты Go Seva Parivar ұйымы өткізді. Оған қатысып, жеңістен дәмелі болған сайыскерлер селфилерін #selfiewithgomata (#сиыранамызбенселфи) хэштегімен Facebook, Twitter және WhatsApp желілерінде жариялады.

Жалпы бұл шараның басты мақсаты - елдегі сиырлар тап келген жағдайға жұрттың назарын аударту. Себебі сиыр етін тамаққа пайдалану мен сату мәселесі Үндістан халқын екі жаққа бөлді. Естеріңізге сала кетсек, индуизмде сиыр қасиетті жануар саналады және көптеген штаттарда оны союға тыйым салынған.

Сол себепті конкурс ұйымдастырушылары кез келген жерге тұрып, қалай болса, солай суретке түскенше, сиырмен тұрып, селфи жасауға шақырады, деп жазады gazeta.ru.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!