БҰҰ: 2015 жылы Еуропаға теңіз арқылы 1 млн мигрант келген

Фотография - БҰҰ: 2015 жылы Еуропаға теңіз арқылы 1 млн мигрант келген

Бұл туралы БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссар Антонио Гутерреш мәлімдеді

270 0

2015 жылдың басынан бері Еуропаға Жерорта теңізі арқылы 1 млн-ға тарта заңсыз мигрант келді, оның 500 мыңнан астамы сириялық. Бұл туралы БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссар Антонио Гутерреш мәлімдеді.

"Биыл Еуропаға теңіз арқылы миллионға жуық адам келді, оның 50%-ы сириялық", - деді ол Сириядағы Гуманитарлық жағдай жөніндегі қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

Гутеррештің айтуынша, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссардың басқармасы (БІЖКБ) 1200 сириялық босқының арасында сауалнама жүргізіп, Сириядан ғылыми кадрлардың дамыған жетекші елдерге тұрақты жұмысқа көшіп кетіп жатқанын анықтаған.

"Біз сауалнамаға тартқан босқындардың 86%-ының орта білімі бар. Олардың жартысы жоғары оқу орнын тәмамдаған. Осыдан-ақ Сирияны қақтығыстардан кейін қалпына келтіру өте қиынға соғатынын аңғаруға болады", - деді ол.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!