Әлем президенттерін қолдау рейтингі шықты

Фотография - Әлем президенттерін қолдау рейтингі шықты

Gallup International әлем көшбасшыларын қолдау сауалнамасының қорытындысын жариялады

700 0

Gallup International әлем көшбасшыларын қолдау сауалнамасының қорытындысын жариялады. Бірінші орында – Барак Обама. Екінші орынға Германия канцлері Ангела Меркель жайғасты. Үздік үштікті британ премьері Дэвид Кэмерон тұйықтады.

WIN/Gallup International 65 елде жүргізген сауалнама қорытындысына сәйкес, әлемнің он негізгі көшбасшыларының ішінде Барак Обаманы жақтайтындардың саны басым болып шықты.

Америкалық көшбасшыға респонденттердің 59%-ы оң қабақ танытқан, 29%-ы саясатын құптамайтын болып шықты. Обаманы әсіресе Оңтүстік Азия (76%), ЕО елдері (67%), Латын Америкасы (65%), Африкада Сахараның оңтүстігіне қарай (65%), сонымен қатар Шығыс Азия елдері жылы қабылдайды. Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка жұрты америкалық көшбасшының қызметін 33%-дан артық бағаламапты, деп көрсетілген WIN/Gallup International таратқан мәліметте.

Екінші орынға ГФР канцлері Ангела Меркель жайғасып отыр. Оның қызметіне әлем бойынша респонденттердің 42%-ы риза екен. Ал 29%-ының көңілі толмайтын көрінеді. Үздік үштікті респонденттердің 37% даусын жинаған британ премьері Дэвид Кэмерон тұйықтап отыр. Сауалнамаға қатысқандардың 28%-ы оның саясатына қарсы. Кэмеронды қолдаушылардың көбі Оңтүстік Азия (53%) мен Солтүстік Африкадағылар (46%).

Осы ондыққа посткеңестік аймақтан Ресей президенті Владимир Путин іліккен. Ол бұл тізімде 8-орында. Сауаланаға қатысқандардың 33%-ы оның бүгінгі тындырып жатқан шаруаларын құптап отыр. Алайда қарсы көзқарасты респонденттердің саны басымырақ – 43%. Ресей басшысын қолдап отырғандардың көбі посткеңестік кеңістік жұртшылығы (55%). Ал ЕО мен Еуропа (67%), сонымен қатар Солтүстік Африка (65%) елдерінің халқы оның саясатына сынмен қарайды.

Жалпы, сауалнамаға 65 елден 64 мыңға жуық адам қатысқан. Олар он әлемдік көшбасшыға қатысты өз пікірлерін білдіруі керек болатын, атап айтқанда: АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Үндістан, Бразилия, Сауд Арабиясы мен Иран президенттері. Сауалнама 2015 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында жүрді. 


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!