Мексикада пойыз бен автобустың соқтығысуынан төрт адам қаза тапты

Фотография - Мексикада пойыз бен автобустың соқтығысуынан төрт адам қаза тапты

Қайғылы оқиға Масатлан қаласында орын алған

210 0

Мексиканың Синалоа штатында жүк пойызы мен автобус соқтығысып, төрт адам қаза тапты, 23 адам жарақаттанды. 

Қайғылы оқиға Масатлан қаласында орын алған. Автобус жүргізушісі жақындап қалған пойыз алдынан өтуге әрекеттенгенімен тораптан өтіп үлгермеді, деп хабарлады РИА Новости.

"Автобуста жеке компаниялардың бірінің қызметкерлері болған. Жапа шеккендер ауруханаларға жеткізілді, оқиға орнына Синалоа губернаторы Марио Лопес Вальдес барды", делінген ақпаратта.


ҚазАқпарат


Тегтер:

ЖКО мексика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!