Солтүстік Корея тезірек Оңтүстікпен бірігуге ниет білдірді

Фотография - Солтүстік Корея тезірек Оңтүстікпен бірігуге ниет білдірді

КХДР Корей түбегінің солтүстігі мен оңтүстігін бөліп тұрған қорғанды бұзуға шақырды.

320 0

КХДР Корей түбегінің солтүстігі мен оңтүстігін бөліп тұрған қорғанды бұзуға шақырды. Бұл жайында "Интерфакс" Солтүстік Кореяның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Аталған хабарламада айтылғандай, Солтүстік пен Оңтүстік жерлердің арасын бөліп тұрған қорғанды бұзу арқылы екі елдің бірігу процесі, өркендеуі жылдамдай түседі. Сондай-ақ, Солтүстік-Шығыс Азия елдерімен экономикалық серіктестіктің негізін қалайды.

Сонымен қатар, КХДР АҚШ-пен арада бейбіт келісімшарт түзуді де жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Оның нәтижесінде, оқшауланған осынау ел бейбітшіліктің нышанына айналады делінген аталған құжатта.

Айта кетейік, Солтүстік пен Оңтүстік Корея арасындағы қабырға Сеулдің бастамасымен салынып, оның құрылысы 1979 жылы аяқталған болатын. Қорғанның ұзындығы 240 шақырымды құрайды. Осыншама ұзын қабырғаның тек бір ғана бөлігінде екі ел арасындағы өту бекеті бар.


sn.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!