Түркияда мигранттар мінген қайық суға кетіп, 11 адам бақилық болды

Фотография - Түркияда мигранттар мінген қайық суға кетіп, 11 адам бақилық болды

Тағы жеті адамды Түркия жағалау қызметкерлері құтқарып үлгерген

382 0

Эгей теңізінде мигранттар мінген қайық суға кетіп, 11 адам мерт болы. Олардың үшеуі – бала. Тағы жеті адамды Түркия жағалау қызметкерлері құтқарып үлгерген. Оқиға елдің батысындағы Кушадасы қаласының жағалауна жақын маңайда болған. Ал қайыққа мінген босқындар Грекияға жетуді көздеген. Айта кету керек, бұл босқындар дағдарысы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ауқымды көш болып отыр. Осының салдарынан биыл Еуропа елдеріне миллионнан астам босқын кірген. Олардың дені Африка мен Таяу Шығыстан шыққан, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!