Вашингтонда Барак Обаманың оққағарын тонап кеткен

Фотография - Вашингтонда Барак Обаманың оққағарын тонап кеткен

Құпия қызмет агенттігі бұл жәйтке қатысты ресми түсініктеме бермей отыр

105 0

Құпия қызмет агенттігі бұл жәйтке қатысты ресми түсініктеме бермей отыр. Бірақ, соңғы ақпаратқа сәйкес, қызмет бабымен жүрген оққағардың тапаншасы, төсбелгісі, рациясы, кісені мен USB-флеш құрылғысы ұрланған, деп хабарлайды CNN.

Агент көлігін қала орталығындағы тұраққа қойып кеткен кезде қолы сұғанақ біреу асықпай тұрып, оның автосын жағалаған.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, зардап шеккен күзетші АҚШ президенті Барак Обаманы қорғау қызметінде жұмыс істейді екен.

Бір қызығы, Құпия қызмет бұл жәйттен агенттік жұмысына төнген қауіп жоқтығын алға тартуда.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!