Германияда Amazon қызметкерлері жаппай шеруге шықты

Фотография - Германияда Amazon қызметкерлері жаппай шеруге шықты

Жұмысшылардың наразылық танытуына басшылар мен қызметкерлердің арасындағы еңбекақы мен жұмыс шарттары бойынша өзара келіспеушіліктер себеп

221 0

Германияда Amazon америкалық интернет-дүкеніне тиесілі қойманың қызметкерлері жаппай шеруге шықты. Компания басшылығы жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылған ереуіл тиісті тауарларды жеткізу ісіне еш кедергі келтірмейді деп сендіруде. Жұмысшылардың наразылық танытуына басшылар мен қызметкерлердің арасындағы еңбекақы мен жұмыс шарттары бойынша өзара келіспеушіліктер себеп болған. Германия Amazon-ның саудасы жақсы жүріп тұрған АҚШ-тан кейінгі екінші үлкен нарық. Неміс еліндегі қоймаларда 10 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Маусымдық жұмыстарға да осынша көлемде жұмысшы тартылады. Германиялық кәсіподақ мұндай шерулерді осымен үшінші жыл ұйымдастырып отыр. Биыл бұл акцияға 9 қойманың 6-ауындағы қызметкерлер қатысуда. Олар жаңа жылға дейін тарқамауға бел буған, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!