Колумбия марихуананы өндіру мен тұтынуды заңдастырды

Фотография - Колумбия марихуананы өндіру мен тұтынуды заңдастырды

Мұндай шара медициналық мақсатта іске асырылған.

181 0

Мұндай шара медициналық мақсатта іске асырылған.

 Есірткінің аталған түрін өсіріп, пайдалануға рұқсат беретін құжатқа ел президенті Хуан Мануэль Сантос қол қойды. Оның айтуынша, заң бойынша марихуананы өндірушілерге жоғары талаптар қойылады. Кәсіпорындар бірден бірнеше лицензия алуы тиіс. Бұл құжаттарды есірткі заттары жөніндегі ұлттық кеңес пен денсаулық сақтау министрлігі береді. Жергілікті есірткіге қарсы қызметтің мәліметі бойынша, қазір елде 400 гектардай заңсыз қарасор алқабы бар.

Хуан Мануэль Сантос, Колумбия президенті:
 - Марихуананы емдеу мақсатында заңдастыру туралы шешім жергілікті медицинаға әртүрлі дерттермен тиімді күресуге мүмкіндік бермек. Биліктің бұл ұйғарымы халықаралық қауымдастық алдындағы есірткі айналымын бақылауға қатысты міндеттемеге қайшы емес.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!