Испанияда Сенегалдан барған мигрант лотереядан 400 мың еуро ұтып алды

Фотография - Испанияда Сенегалдан барған мигрант лотереядан 400 мың еуро ұтып алды

Аталған лотерея 1812 жылдан бері үздіксіз өткізіліп келеді.

189 0

Испанияда Сенегалдан барған жұмыссыз мигрант "Эль Гордо" лотереясынан 400 мың еуро ұтты, деп хабарлады «ВВС» агенттігі. 

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, 35 жастағы ер адамның есімі - Нгаме. Испаниялық жағалау күзеті сегіз жыл бұрын Нгаме мен оның әйелін құтқарған. Олар Мароккодан Еуропаға жету үшін отырған кеме суға кеткен. Олардың тұрмысы нашар болған. Нгаме - Испанияның оңтүстігіндегі шағын Рокетас-де-Мар қаласында лотерея билетін сатып алған 1600 тұрғынның бірі. 

"Сенер емеспін. Кей күндері әйелім екеуіміздің қалтамызда бес еуро да болмайды", - деді ер адам жергілікті газетке.

Аталған лотерея 1812 жылдан бері үздіксіз өткізіліп келеді. Оның өтуіне 1936-1939 жылдардағы азаматтық соғыс та кедергі келтіре алмаған, деп жазды ҚазАқпарат.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!