Бельгия Конституциясы қайта қарастырылуы мүмкін

Фотография - Бельгия Конституциясы қайта қарастырылуы мүмкін

Оған елге бас сауғалаған мигранттар себеп

236 0

Бельгия Конституциясы қайта қарастырылуы мүмкін, деп жазады 24.kz сайты.

 Оған елге бас сауғалаған мигранттар себеп. Жаңа заң күшіне енер болса, мұнда босқындардың тұрақты тұруына тыйым салынады. Қазір заң жобасы парламентте қарастырылып жатыр. Егер мақұлданса, саяси баспана алған азаматтарға тек 5 жылдан кейін ғана Бельгияда тұрақты тұруға өтініш беруге болады. Оның өзінде босқындар өз елдеріндегі жағдайдың жақсармағанын дәлелдеуі тиіс. Сарапшылар заң жобасы мақұлданады деген сенімде. Себебі жүргізілген сауалнама нәтижелері көрсетіп отырғандай, халықтың 94%-ы мигранттарды қабылдауға қарсы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!